Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша әкімдер өңірлерде оң өсімге қол жеткізулері тиіс - Үкімет басшысы

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша әкімдер өңірлерде оң өсімге қол жеткізулерін тапсырды,

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша әкімдер өңірлерде оң өсімге қол жеткізулері тиіс - Үкімет басшысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әр әкім өңірде тиісті жағдайды қамтамасыз етіп, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша оң өсімге қол жеткізуі қажет. Бұл Елбасының тапсырмасы. Бұған қажетті барлық ресурстар мен тетіктер бар. Атап айтқанда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына, жұмыс орындарын құруға, шағын және орта бизнеске қаржы аз бөлінген жоқ. Тек барлық бағыттар бойынша жоғары ұйымдастыру жұмыстарын орындау керек. Бұған әр әкім өз облысы бойынша жеке жауап береді», -деді Үкімет басшысы.