Бірінші жартыжылдықта 32 мың шаршы метр жалдамалы баспана пайдалануға берілді

«Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 32 мың шаршы метрдің жалға берілетін тұрғын үйлері, ауданы 25,4 мың шаршы метрдің пәтерлері іске қосылды және сатып алынды», делінген ведомство хабарламасында.
Бұл түрғын үйлер Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарында орналасқан. Оның ішінде, жалпы ауданы 14,27 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер Алматы қаласында салынған. Ал, облыстарға келер болсақ, Қостанай облысында 6,3 мың шаршы метрдің, Ақтөбе облысында - 2,86 мың шаршы метрдің, Алматы облысында - 3,8 мың, Қарағанды облысында - 4,7 мың шаршы метрдің жалға берілетін тұрғын үйлері іске қосылды.
Жалпы алғанда, ағымдағы жылы 136 мыңнан астам шаршы метрдің жалға берілетін тұрғын үйлерін пайдалануға беру жоспарлануда. Осы мақсатта 2012 жылы облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 34,6 млрд. теңге соманың нысанды трансферттерін бөлу қарастырылған.