Бірінші жартыжылдықта 41 мың емделуші стационарда ем қабылдау үшін еліміздің басқа өңірлерін таңдады

ТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылдың 6 айында 41 мың емделуші стационарда ем қабылдау үшін еліміздің басқа өңірлерін таңдады.

Бірінші жартыжылдықта 41 мың емделуші стационарда ем қабылдау үшін еліміздің басқа өңірлерін таңдады

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ІІ Халықаралық медициналық іскерлік форумында Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бүгінде оң көрсеткіштерді байқатқанына тоқталған Үкімет басшысының орынбасары, «2010 жылы стационарды таңдау құқы аясында ем қабылдау үшін осыны 554 мың емделуші пайдаланды. Оның ішінде 31 мыңы емхананы басқа қаладан, яғни өздерінің тұрғылықты жерінен өзге өңірден ем қабылдады. 2011 жылдың 6 айында 41 мың адам стационарда ем қабылдау үшін басқа өңірлерді таңдады»,-деді.