Бірінші жартыжылдықта американдықтар кепілге қойылған 1,5 миллион жылжымайтын мүлік нысандарына құқықтарын жоғалтты
ВАШИНГТОН. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Ипотекалық заемшыларды қолдау жөніндегі үкіметтік шараларға қарамастан, кепілге қойған жылжымайтын мүліктеріне құқықтарынан айрылған американдықтардың саны 2009 жылдың І жартысында 15 пайызға өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиғалардың көпшілігі адамдардың жұмыстан қысқарып, алған несиелерін қайтара алмауымен байланысты.
«RealtyTrac» компаниясының мәліметіне сүйенсек, І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1,5 миллионнан астам жылжымайтын мүлік нысаны меншіктен шығарылған. Маусым айында банктер 79 мың үйге, мамыр айында - 65 мың үйге ие болған.
Қалыптасып отырған үрдіс заемшыларды қолдау жөніндегі федералдық шаралардың тиімділігіне күмән туғызып отыр. Ағымдағы жылдың наурыз айында Обаманың әкімшілігі құны 50 миллиард доллардың бағдарламасын қолға алып, соның негізінде көптеген американдықтар ипотекалық несиелерін төмендеу пайыздық ставкамен қайта ресімдеу мүмкіндігіне ие болған еді.