Бірінші жартыжылдықта елордада 37 мың тонна зиянды қалдықтар ауаға таралған
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат -2012 жылдың бірінші жартыжылдығында елорданың ауа кеңестігіне 37 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылған,
деп хабарлайды елорданың ресми сайты Астана қаласының Статистика басқармасына сілтеме жасап.
Зиянды заттардың жалпы көлемінің 80,3%-ын газ текті және сұйық заттар, 19,7%-ын қатты заттар құрайды.
Онымен қатар, ауаға шығарылған зиянды заттардың жалпы санының 95%-ы тұтылып, залалсыздандырылды. Соның ішінде - 2,4%-ы қажетке жаратылды.