Бірінші жартыжылдықта «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлер қоғамы компаниялары тобының кірісі 25 пайызға өсті
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Кәсіби мереке қарсаңында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы кеше, сәрсенбі күні бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарды.
«Қазақстан темір жолы» республика экономикасы мен ел тұрғындарын темір жолмен тасымалдау жөніндегі сұранысын толығымен қанағаттандырып келеді. Негізгі көрсеткіш - жүк айналымы бойынша, бірінші жартыжылдықтағы жүк айналымы 100 миллиард текшеметрді құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,6 пайызға жоғары. Сондай-ақ, тасымал көлемі 14,7 пайызға артты. Ал, оның ішінде экcпорт көлемі - 25,3 импорт - 2,9 пайызға өсті.
Сондай-ақ жолаушылар тасымалы 6,4 пайызға көтерілді. «ҚТЖ» тобына жататын компаниялардың кірісі 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25 пайызға өсті.
Теміржолшылар сонымен бірге, 2010 жылы темір жол тауарлары мен қызмет көрсету түрлерін отандық тауар өндірушілерден сатып алудың үлесін 80 пайызға жеткізді.
Жылдың алғашқы жартысында ұлттық компания қаржылық жағынан да жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр. 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда компания кірісі 21,3 пайызға артып, жоспарлы тапсырма 5,1 пайызға орындалды. Негізгі жұмыстағы шығын көлемі 0,4 пайызға, жалпы әкімшілік шығындар 12,3 пайызға үнемделді.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы да қалыпты күйде. 2010 жылдың алғашқы алты айында апатты жағдайлар кездескен жоқ. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғалары 8 пайызға, ақаулықтар - 27 пайызға азайды.