11:22, 09 Шілде 2013 | GMT +5
Бірінші жартыжылдықта ЖІӨ 105,1 пайызды құрады - Үкімет басшысы
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдықта еліміздегі жалпы ішкі өнім 105,1 пайызды құрады.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
«Жарты жылдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнім 105,1 пайызды, өнеркәсіптің физикалық индексі 101,8 пайызды құрады»,-деді ол.
Үкімет басшысының атап өтуінше, негізгі капиталға салынған инвестиция да жаман жүргізіліп жатқан жоқ. Ол шамамен 8 пайызды құрап отыр.
«Қазақстан Республикасындағы жарты жылдықтағы инфляция 2,7 пайызды құрады. Бұл барынша төмен инфляция. Менің ойымша осындай қарқынмен жұмысты одан әрі жалғастыру қажет»,-деді С. Ахметов.
Дегенмен, Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің күрделі секторлары ауыр жағдайларда қалып отыр. Олар - тау-кен және тау-кен өндіру салалары.