13:01, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Бірінші жартыжылдықта ЖІӨ-нің өсуі 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8 пайызды құрады
АСТАНА. Тамыздың 12-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 8733,0 млрд. теңгені құрады.

Атап айтқанда, 2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 8 пайызды құрады. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен - 40,5, қызмет көрсету 56,8 пайызды құраған.
Бұдан бөлек, 2010 жылғы шілдеде 2009 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда еліміздегі тұтыну бағаларының индексі 104,6 пайыз шамасында болған. Сонымен қатар, азық-түлік тауарларына бағалар - 5,6 пайыз, азық-түлік емес тауарлар - 3 пайыз, ақылы қызметтер көрсетуге 4,8 пайызға артты. Ал өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы шілдеде 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5 пайызға өскен.