Бірінші жартыжылдықта жүргізілген тексерулердің нәтижесінде мемлекетке 26 миллиард теңге қайтарылды

АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тиісті шаралардың нәтижесінде 190 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалып, олардың пайдасына 5 миллиард теңгеден астам еңбекақы қаржысы өндіріліп берілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті,

Бірінші жартыжылдықта жүргізілген тексерулердің нәтижесінде мемлекетке 26 миллиард теңге қайтарылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, биылғы жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық салада 300 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 120 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталды. Оларды жою үшін 18 мыңнан астам прокурорлық ықпал етуші актілер енгізілді.

«Тесеру нәтижелері бойынша мемлекетке 26 миллиард теңге қайтарылды», - деді ол.

Еңбек заңнамасын сақтау мәселесіне тоқталған ол, «іске асырылған тиісті шаралардың нәтижесінде 190 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалып, олардың пайдасына 5 миллиард теңгеден астам еңбекақы сомасы өндіріліп берілді», деді.