Бірқатар әуе компаниялары Венесуэлаға билет сатуды тоқтатты
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бірқатар халықаралық әуе компаниялары Венесуэла бағытына билет сатуды тоқтатты, деп хабарлайды utro.ru.
Бұл қадамға American Airlines және United Airlines (АҚШ), Copa Airlines (Панама), Air Canada, TAP (Португалия), Tame (Эквадор) және Air Europa (Испания) компаниялары венесуэлалық тараптың қарызын төлемей отырған және сол елдегі доллар курсын анықтау саясатына өзгеріс енгізген соң барған.
Бұдан бөлек, Колумбияның Air France, Aerolineas Argentinas және Avianca әуе компаниялары Венесуэла бағытына сатылатын билетті азайтқан. Бейресми деректерге сүйенсек, венесуэлалық тараптың әуе компанияларының алдындағы қарызы 3 млрд. долларға жеткен.