17:33, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бірқатар аймақтарда күн суытып, ауаның температурасы алдағы аптаның соңына дейін 25 пен 30 градус аралығында болады
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - ҚазГидрометтің мәліметтері бойынша, еліміздің солтүстік өңірінде және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар Қарағанда облыстарында ауаның температурасы келесі аптаның соңына дейін 25 пен 30 градус аралығында болады.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында «Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының бастығы Марат Құндақбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, одан әрі қарай ауа райы біршама жылынуы мүмкін. «Осы орайда айта кететін бір мәселе, қыс маусымы ұзаққа созылады. Сондықтан, төтенше жағдайлардың алдын алуға барлығымыз дайын болуымыз қажет. Ол үшін еліміздің әрбір азаматының қауіпсіздік шараларын қадағалағаны абзал. Ал егер де сіз төтенше жағдайға тап бола қалсаңыз, үрейге бой ұрмай тиісті органдарға хабарласуға тырысуыңыз қажет. Ал төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға қол ұшын созуға қашанда дайын», дейді М.Құндақбаев.