Бірқатар БАҚ хабарлаған түрмедегілердің өз-өздеріне қол жұмсауы туралы фактілер расталған жоқ - Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған түрмедегілердің өз-өздеріне қол жұмсауы туралы фактілер расталған жоқ,
деп хабарлайды Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Шығыс Қазақстандағы ОВ-156/17 колонияда басқа зонаға ауыстыруға наразылық білдірген тоғыз сотталушының өз қарындарын жарғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Осынау оқиғаның мән-жайын тексеру үшін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы мен Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдерінен арнайы комиссия құрылды. Тексеру жүргізіп қайтқан аталмыш комиссияның түйіндемесі бойынша, Шығыс Қазақстанның түзету мекемелеріндегі оперативтік жағдай бақылауда және орнықты, құқықтарына қол бұзылып жатқандығы туралы сотталушылар тарапынан ешқандай шағым-арыз түспеген.
«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, криминалитет мұндай әдістерді, БАҚ-ты пайдалана отырып, мекеме әкімшілігіне қысым көрсету және түзету мекемелерінің жұмыс орнықтылығын бұзу үшін жасайды. Мұндай әрекеттер сотталушылар үшін заңнамамен белгіленген режімді босаңсытуға және өз «қылмыстық тәртіптерін» енгізуге бағытталады», делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.