Бірқатар БАҚ пен банктерге кибершабуыл жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні ресейлік БАҚ-тарға кибершабуыл жасаған шифр танушы BadRabbit вирусы ТОП-20-ға кіретін ресейлік банктерге де шабуылдамақ болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне киберқылмыстарды тексерумен және алдын алумен айналысатын Group-IB компаниясының бас директоры Илья Сачков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, шабуылдауды анықтайтын жүйесі бар ресейлік бірқатар банктің инфрақұрылымына вирус тарату әрекеті тіркелді. «Ол файлдар сейсенбі күні мәскеу уақытымен сағат 13.00 мен 15.00 аралығында тіркелді. Яғни бұл вирус банктерге де таратылмақ болды», - деді ол. Сачков ол банктердің арасында ТОП-20-ға кіретін қаржы институттары барын атап өтті, бірақ атауларын нақтыламады.
Group-IB басшысының айтуынша, бұл жағдай банктердің банктік емес сектордағы компанияларға қарағанда кибершабуылдарға қарсы қорғанысы анағұрлым күшті екенін көрсетті.
Еске салсақ, сейсенбі күні жаңа вирус ресейлік бірқатар БАҚ-қа шабуылдаған болатын. Ал түс ауа кибершабуыл Украинада басталды - вирус Киев метрополитенінің компьютерлік желілерін зақымдады.