Бірқатар елдердің экология министрлері Астанадағы «Экологтар аллеясына» ағаш отырғызды

«Бүгін елордадағы «Экологтар аллеясына» реми түрде дәстүрлі ағаш отырғызу шарасын өткізіп жатырмыз. Биыл «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлер конференциясына келген делегациялардың басшылары қатысуда. Бізбен бірге Польшаның, Қырғызстанның, Венгрияның экология министрлері және басқа да елдердің бірқатар экология ведомстволарының басшылары осы акцияға қатысып отыр»,-деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Руслан Бөтіріков.
Оның сөзіне қарағанда, бүгін елордада «Еуропа үшін қоршаған орта» атты министрлердің жетінші конференциясы басталады. «Бұл конференцияға бірқатар мемлекеттерден 1 мың 300-ге жуық өкіл қатысуға ниет білдірді. Негізінен онда Еуропа елдерінің мамандары болады»,-деді Р. Бөлтіріков. Вице-министрдің айтуынша, жиында талқыланатын негізгі тақырыптардың бірі - су ресурстарын бақару, сондай-ақ экономиканы жасылдандыру мәселелеріне арналмақ.