Бірқатар елдердің парламент өкілдері Елбасының халықаралық батыл қадамдарын талқылауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл маңызды форум Тұңғыш Президент күні қарсаңында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілуде. Себебі биыл 27 жыл толатын Егемен еліміздің әрбір күні, әрбір айы, әрбір жылы тікелей Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Шын мәнінде әлемдік саясаткер, тарихи тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген салиқалы саясатының арқасында жаңа Қазақстанның, жаңа экономикасының, жаңа қоғамының іргесі қаланды. Мемлекеттік шекарасы бекітіліп, дамудың қазақстандық жолы қалыптасты. Бүгінде бірлігі жарасқан, болашағы жарқын Тәуелсіз еліміз бүкіл әлем таныған абыройлы, беделді және мәртебелі мемлекетке айналды», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.null  

Осы орайда ол бұл жетістіктер Елбасының ерен еңбектерінің, сонымен бірге әрқашан да Президентке тірек болып, қолдау білдірген халықтың берекесі мен бірлігінің жемісі екенін атап өтті.

«Сондықтан осы дәстүрлі конференция Мемлекет басшысының елімізді дамыту жолындағы тарихи ерліктерін, халықаралық батыл қадамдарын ұрпақтарға жеткізуге арналған игілікті шара екені сөзсіз. Елбасының ұлы ерліктерінің бірі - ол елордамыз Астана екені белгілі. Биыл 20 жыл толған бас қаламыз бүгінде отандық және халықаралық ірі бастамалардың орталығына айналды», - деді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік, конференция барысында Әзербайжан, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Түркия және Өзбекстан парламенті басшылары сөз сөйледі. Сонымен қатар, форум жұмысына Германия, Үндістан, Қытай, Швеция  мен басқа да елдердің сарапшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар