Бірқатар Ішкі істер органдары және ішкі әскерлер қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

әскери және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекше көзге түсіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде батылдық пен қайсарлық көрсеткендері үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызыметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Наградталғандардың қатарында полиция қызметкерлері Нұрлан Қоқанов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және Азамат Қазыбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ішкі әскерлер құрамасының командирлері Бауыржан Әбжанов пен Рысбек Көшербаевқа жоғары офицерлік құрам погондары тапсырылды. Барлығы мемлекеттік наградалармен ішкі істер органдарының 15 қызметкері марапатталды», - делінген баспасөз айғағында.
Сонымен қатар, қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен қарулы қылмыскерді ұстау кезінде пышақ жарақаттарынан көз жұмған Алматы облысы Райымбек ауданы ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ерлан Керімбеков және қызметтік міндетін атқару кезінде алған жарақаттардан қайтыс болған Алматы қаласының ІІД қабылдау-тарату бөлімінің кезекші инспекторы Ришад Әбішев марапатталған. Бүгін сондай-ақ Ішкі істер министрлігінде ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов арнайы операцияға қатысқан және қарулы қылмыскерлерді ұстауда көрсеткен ерліктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының бірқатар сарбаздарына мемлекеттік наградаларды табыс етті.
«Елімізде 1993 жылдан бастап әскери және қызметтік міндеттерін атқару кезінде, мемлекет мүддесі мен азаматтардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін қамтамасыз етуде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін ішкі істер органдарының барлығы 810 қызметкері, оның ішінде 77 қызметкер қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды», - делінген баспасөз баянында.