Бірқатар өңірде демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірқатар өңірде демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

«Қызыл» аймақтағы өңірлерде демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын:

қоғамдық көліктің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының; «Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.
Еске салсақ, Қазақстанның 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр.