Бірқатар өңірде қар жауып, күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 29 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

29 қазан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде тұман болады.

29 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз 29, тәулік бойы 30 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

29 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында онтүстік-батыстан соғатын жел, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз 29 қазанда Қостанайоблысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде және күндіз 29 қазанда Жамбылоблысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. 29-31 қазанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар