Бірқатар пойыздар Астананың ескі вокзалына аялдамайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 10 ақпанынан бастап Астанадағы темір жол бағыттары бойынша пойыздардың жүру кестелеріне өзгертулер енгізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірқатар пойыздар Астананың ескі вокзалына аялдамайтын болды

Кестелік өзгерістер 10 жолаушы және 3 қала сыртына қатынайтын пойыздарға қатысты.

Астана-1 стансасына мына пойыздар тоқтамайтын болды:

№ 37/38 Маңғышлақ-Астана-Нұрлы жол;

№ 39/40 Астана-Нұрлы жол-Челябинск;

№ 47/48 Атырау-Астана-Нұрлы жол;

№ 603/604 Астана-Нұрлы жол-Арқалық;

№ 623-627/624-628 Астана-Нұрлы жол-Қызыл-Ту-Петропавл.

«Астана-Нұрлы» жол стансасы арқылы ғана жүретін, «Астана-1» стансасына соқпайтын пойыз бағдарларыне өзгерістер енгізілді.

№ 10/9 Астана-1-Алматы-1

№ 86/85 Астана-1-Сарыағаш

№ 97/98 Ақтөбе-Астана-1 («Тұлпар-Тальго» ЖШС вагондары)

№ 154/153 Астана-1-Семей

№ 673/674 Павлодар-Астана-1

№ 802/801 Астана-1-Павлодар (қала сыртына қатынайтын пойыз);

№ 810/809 Астана-1-Павлодар (қала сыртына қатынайтын пойыз);

№ 6857/6858 Қарағанды-Астана (қала сыртына қатынайтын пойыз).

Барлық сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының анықтама орындарына немесе 105 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше өзгерістер жолаушы пойыздарының негізгі ағынын жаңа вокзалға бағыттап, қаладағы ескі вокзал маңындағы жолдардағы көлік жүктемесін азайту үшін қолға алынған.