Бірқатар республикалық күре жолда еріген қар суы бұрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңыздағы бірқатар күре жолда еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірқатар республикалық күре жолда еріген қар суы бұрылды

«ҚазАвтоЖол мамандары көліктердің жүріп-тұруын үздіксіз қамтамасыз ету үшін су басу қаупі бар жол учаскелерін тәулік бойы бақылауда. Мәселен, өткен түнде жолшылар Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлеріндегі үш республикалық трассаның жеті учаскесінде еріген қар суын бұру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде су басу қаупі сейілді.

Жолшылар еріген қар суын мотопомпалармен шығарып, жол жиектерін инертті материалдары бар 2100 бірлік қаппен нығайтты. Қазір қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылуда», - деп жазды ведомстводан.

Жоғарыда аталған жұмыстар Ақтөбе облысындағы М-36 «Самара-Шымкент» тасжолының 576-578 шақырымдарында және А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» күре жолының 170, 182, 187 шақырымдарында жүргізілді. Ал Батыс Қазақстан облысында бұл жұмыстар М-36 «Самара-Шымкент«тасжолының 479 шақырымында және»Подстепное – Федоровка«күре жолының 11 шақырымында атқарылды.

Еріген қар суын бұру жұмыстарына 50 маман мен 20 арнайы техника жұмылдырылды.

Республикалық маңызы бар барлық автожолдар ашық, су басқан учаскелер тіркелген жоқ.