Бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы ашылды - ТЖМ
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа райының жақсаруына байланысты Астанадан шығатын жолдарда және республиканың жеті облысында көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елордадан шығатын жол 21 желтоқсан күні сағат 22.06-дан бастап жабылған болатын. Осындай жағдай Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қалыптасты.
«Шығыс Қазақстанда да ауа райының нашарлауына байланысты 21 желтоқсан күні сағат 17.00-ден бастап «Өскемен-Зырян» тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабық», деп хабарлады бүгін таңертең төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Бірақ бүгін аяздың беті қайтып, жоғарыда аталған өңірлерде көлік қозғалыстары қайта жанданды.