Бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды - «Қазақавтожол»
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты жабылған бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Ақмола облысы аумағындағы "Астана-Петропавловск" 18-234 шақырымынағы, "Астана-Ерейментау-Шідерті" 24-205 шақырымындағы, "Екатеринбург-Алматы" 1280-1353 шақырымы аралағында,, сондай-ақ "Екатеринбург-Алматы" 963-1184 шақырымындағы жолдар ашылды.
Ал Қарағанды облысы бойынша кеше сағат 10.40 бастап қолайсыз ауа райына байланысты барлық бағыттарда автокөлік қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған облыс аумағында бүгін сағат 08.00 бастап "Екатеринбург-Алматы" жолының 1369-1425 шақырымында және сағат 09.00 бастап "Қызылорда-Павлодар" жолының 970-1135 шақырымы аралығында көлік қозғалысы жанданды.
Бұдан бөлек Павлодар облысында да 23 қаңтар сағат 10.30 бастап барлық бағыттары бойынша жол жабылған еді.
Бүгін сағат 08.00 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымы мен "Қызылорда-Павлодар" жолының 1135-1383 шақырымы аралығында шектеу алынды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдарда шектеу қойылды:
22 қаңтар сағат 22.30 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" 54-123 шақ. "Первомайка-РФ шекара" аралығында;
23 қаңтар сағат 10.15 бастап "Өскемен-Семей" 48-154 шақ. "Таврия-Бұлақ";
23 қаңтар сағат 11.00 бастап "Омбы-Майқапшағай" а/ж 587-733 шақ. "Павлодар обл.шекара-Семей қ."
23 қаңтар сағат 11.20 бастап "Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақ. "Қалбатау-Өскемен";
23 қаңтар сағат 15.00 бастап "Семей-Қайнар" а/ж 8-284 шақ;
23 қаңтар сағат 16.45 бастап "Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" 6-164 шақ. "Степное-Зырян";
23 қаңтар сағат 16.45 бастап "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 320-900 шақ. "Қарағанды обл.шекара-Ақсуат";
23 қаңтар сағат 18.00 бастап "Омбы-Майқапшағай" 756-906 шақ. "Семей-Қалбатау";
23 қаңтар сағат 19.00 бастап "Өскемен-Риддер" 15-105 шақ "Белоусовка-Риддер" аралықтарында.
Бұл облыс аумағындағы "Семей-РФ.шекарасы" жолының 2-113 шақырымы аралығы бүгін сағат 08.30 бастап ашылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.