Бірқатар спорт федерациялары мен клубтар «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрамына енді

АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Жаңадан құрылған «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы бірқатар федерациялармен және клубтармен ынтымақтастық туралы меморандум жасады.

Бірқатар спорт федерациялары мен клубтар «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрамына енді

Оның құрамына  «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Астана арландары» (Astana-Arlans) кәсіпқой бокс клубы, «Pro Team Astana» велоклубы, «Барыс» хоккей клубы, «Astana Dakar Team» автокомандасы, Су спорты түрлері федерациясы, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры, «Спорт барша үшін» қоғамдық қоры еніп отыр. Қосылу рәсімін «Барыс» хоккей клубы мен «Pro Team Astana» велоклубынан басқалар 2013 жылы жүзеге асырмақ.

Бүгін Астанада «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының таныстырылымы өтті.