Бірқатар жобаларды іске қосуды екінші жартыжылдыққа шегеру ұсынылып отыр - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

nbsp;АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша биылғы бірінші жартыжылдықта іске қосылатын бірқатар жобаларды іске қосуды екінші жартыжылдыққа шегеру ұсынылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А. Раудың сөзіне қарағанда, мерзімге сәйкес тапсыру уақыты кешеуілдеп отырған нысандардың ішінде Қостанай облысындағы макарон фабрикасы бар. Кешігу себебі - жабдықтардың белгіленген мерзімде жеткізілмеуі. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы газбетондық зауыт бойынша қаржыландыру мәселесі шешілмеген. Ал Қызылорда облысындағы Құмкөл стансысындағы қосымша екі газтурбина құрылғының құрылысы логистиканың жеткізілуінен кешеуілдеп отыр.

Оның сөзіне қарағанда, әкімдіктер кейбір жобаларды мерзімінен бұрын тапсыруды ұсынған. «Іске қосылуы екінші жартыжылдыққа жоспарланған жобалар, яғни күшейтілген жұмыстың нәтижесінде биылғы жылғы шілденің 1-інде пайдалануға тапсырылғалы отыр»,- деді вице-министр.

Бұнда «ҚазАгро» холдингімен жүзеге асырылып отырған Батыс Қазақстан облысындағы мал семірту алаңы, Қызылорда облысындағы көмірсутек шикізатын және шайылған мұнай қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі құрылғы, «Ақтөбелік мыс компаниясы» іске асырып отырған мысты-мырыш кенін қайта өңдеудің №2 фабрикасының құрылысы, Павлодар облысындағы «Таман» ЖШС базасындағы жүк вагондарын жинау бойынша бірінші іске қосу өндірісін тапсыру қамтылған.

Соңғы жаңалықтар