Бірлік болмай тірлік болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, бұл - қазақстандық патриотизмнің, елге және халыққа деген адалдықтың мерекесі. Мұны Қазақстан халқы өздерінің шынайы істерімен дәлелдеп келеді. Көп ұлтты мемлекетімізде ынтымақ пен бірлікті нығайта түсу үшін барлық жағдай жасалған.
None
None

Қазақстан Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында ұлттың ұлы мұраты мен еліміздің рухани кеңістігін байыту жолында ізгілікті істерге бастамашылдық танытуға шақырғанын Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қызу қолдап отыр.

Сондай-ақ, жақында болып өткен Ассамблеяның XXV сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасымыз халықтың рухани жаңғыруға белсене атсалысатынына сенім білдіріп, оның мүшелеріне өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін жағдайларға басымдық берілу қажеттігін атап өтті.

«Бірінші. «Туған жер» жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып береді. Екінші. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керек. Біздің қаншама замандастарымыз, қаншама Ассамблея белсенділері ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысына қарамастан біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек. Мұнда қойылатын талап біреу ғана, ол - азаматтың Қазақстан дамуына қосқан үлесі. Үшінші. Ассамблея «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына табысты атсалыса алады, - деді Елбасы.

Қазақстандықтар  үшін де  керегі  осындай  берекелі де  бейбіт  өмір. Бүгін біз айтулы мерекеге орай, бір топ қоғам қайраткерлерінің жүрекжарды  сөздерін  беріп  отырмыз.

Бүгінде бірлікке ұйыған барша Қазақстан жұрты алдына нақты мақсаттар қойып, алға  барар  бағытын белгілеп  отыр.   Әлемнің  отыз елінің қатарына енгізер «100 нақты қадам»  алға  басар  басты  мұрат  болмақ.

Қазақстанда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар   осы  жерде туған жердің   төл балалары. Біз бәріміз - біртұтас Қазақстан халқының тең құқылы ұлдарымыз. Біздің бәрімізді бір мақсат  топтастырады. Ол -  біздің ортақ Отанымыз - Қазақстанның  гүлденуі мен  көркеюі.  Күні кеше  ғана  Қазақстан халқы Ассамблеясының  сессиясында Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз еліміздің қарыштап дамуына бар күшімізді салуымыз қажет. Мұны өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың бойына сіңіре  түсуіміз  керек. Елбасымыз  салған сара жолда еңбек етіп, жыл сайынғы Жолдаудың құндылығын ұғындыруға  тиіспіз.   Осы  жолда жас ұрпағымыздың  болашағы жарқын болсын, бейбітшілік ортаймасын деген тілегім  бар.

Бүгінгі  қол  жеткен  табыстарымыз,  бұл -  біздің Тәуелсіздікпен бірге келген сыйымыз. Алдағы уақытта бұл құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдау - баршамыздың ортақ міндетіміз  болмақ.

- Біз «Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен ұлы Отанға мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз!»  деген  Қазақстан  Президентінің  мұратын алға  апарамыз.  Бұл  жолда  бізді, біріншіден, ортақ үйіміз - Қазақстанға деген шынайы махаббат біріктіреді. Осы  жерде  гүлдендік,  осы  жолда  туымызды  тігеміз!

Қазақстандағы халықтар  достығының еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, жастарды отансүйгіштікке, тілін, дінін, мәдениеті мен салт-дәстүрін білуге, сондай-ақ, басқа ұлттардың да рухани құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Ұлт  көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық қазақстандықты бір мүдде, бір мақсатқа біріктіру бағытындағы саясаты елімізді түрлі қақтығыстардан аман сақтап, бүгінгідей мамыражай заманға жеткізіп  отыр. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек.

Қай дәуірді алып қарасақ, тарихтың көмескі тартқан беттерін парақтасақ, Қазақ елі ежелден бітімгерлігімен, араағайындығымен, достық қарым-қатынасымен   айшықты  із  тастап  келеді. Ырыстың, береке атаулының бастауы, әсілінде, достықта, адамгершілік қасиеттерде жататыны айқын. Ынтымақ бар жерде жақсылық үстемдік құрады. Елдің пейілі кең болғаннан ешкім де кем болмайды.

Бүгінгідей үлкен үдеріспен дамып жатқан жаһанда ел ішіндегі татулықты сақтай отырып, ұлттар арасындағы достық қатынасты нықтай білу - үлкен парыз.

Соңғы жаңалықтар