Бірлік күні құрметіне ҚР ҚК әскери қызметшілері бұқаралық спорт жарысын өткізді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне ҚР ҚК әскери қызметшілері бұқаралық спорт жарысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
83205, 43988 әскери бөлімдерінің, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының, Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағаты мен баспаханасының әскери қызметшілері Қазақстан халқының бірлігі күнін бұқаралық спорт жарысымен атап өтуді жөн көрді. Осы орайда әскери қызметші қыз-келіншектер 25 метрге жүгіру спорттық эстафетасынан сайысқа түсті (доппен жүгіру, қап киіп жүгіру, көзді байлап жүгіру). Командалардың ерлер тарапы бұдан қиынырақ тапсырмалар: 25 метрге 24 кг кір тасымен жүгіру, 100 метрге жүгіру, 70 және 85 кг дейінгі салмақ дәрежелерінде қол күрестіру, турникте күштік жаттығуларды орындау (күшпен шығу, аударылып көтерілу) дайындалған болатын. Жарыс шеңберінде сондай-ақ мини-футболдан турнир өтті. Іс-шараның қорытынды кезеңінде барлық алты топ арқан тартысып күш сынасты. Осындай бұқаралық спорт іс-шаралары ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бұл шаралар жалпы дене даярлығы жағдайын, жеке құрамның командалық рухын нығайтады және тек әскери қызметшілердің ғана емес, сонымен бірге барша жұртшылықтың бұқаралық спортпен айналысуға қызығушылығын арттырады.