Бірлік күні мерекесі еліміз үшін де, Елордамыз үшін де айрықша мәнге ие - Ә. Жақсыбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімінің м.а. Әділбек Жақсыбеков елордалықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайтынан.

Бірлік күні мерекесі еліміз үшін де, Елордамыз үшін де айрықша мәнге ие - Ә. Жақсыбеков

«Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы мереке - ұлттар достығының әлемде баламасы жоқ ұйымы - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейлі белесімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан да бұл мейрамның маңызы еліміз үшін де, Елордамыз үшін де айрықша мәнге ие.

Күні кеше Қазақстан жұртшылығы өзінің тарихи таңдауын жасап, Елбасымыз - Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті жоғарғы лауазымына қайта сайлады. Сан алуан ұлттан құралған халқымыздың бірлігі мен ұйымшылдығына куә болған әлем елдері үшін «этносаралық бірліктің қазақстандық моделі» бірегей үлгіге айналып отыр.

Осынау достық пен тұрақтылықтың өлшеміне, татулық пен берекенің баға жетпес дәстүріне айналған мерейлі мейрамда баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ пен береке тілеймін», - деп жазылған құттықтауда.