Бирмада су тасқынынан 70 мың адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бирманың солтүстік-батысындағы муссондық жауындардың үздіксіз жаууынан туындаған су тасқынының кесірінен шамамен 70 мың адам зардап шекті, 9 адам ажал құшты, деп хабарлайды Би-би-си БҰҰ-ына сілтеме жасап.
БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасының баяндамасында тасқын салдарынан 12 мың үйге зақым келгені айтылған.
БАҚ мәліметтерінше, Сикайн округінде бір тәулік ішінде 19,9 см жауын-шашын түскен, бұл соңғы 24 жыл ішіндегі ең жоғарғы деңгей. Муссон жаңбырлары Бримада әдетте мамыр айының соңында басталып, қазан айының ортасында аяқталады.