Бирмада жер сілкісінен қаза тапқандардың саны 70 адамнан асты
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бирманың солтүстік-шығысында болған жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың саны 70 адамнан асты, 100-ден астам адам әртүрлі деңгейде жарақат алды.
Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлады.
Елдің солтүстігінде орналасқан Тачилейк қаласында жүздеген ғимараттар қирап қалған. Табиғат апатынан көз жұмғандардың саны артуы мүмкін.
6,8 балдық жер сілкінісі өткен жұмаға қараған түні Бирма мен Таиланд шекарасында болған еді.