Бирмингемде белгісіз біреулер бірнеше адамды пышақтап кетті

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Жексенбіге қараған түнде британдық Бирмингем қаласы орталығындағы пышақтасу салдарынан бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды. Бұл туралы Уэст-Мидленс графтығының әкімшілік орталығы полициясының сайты хабарлады.

Бирмингемде белгісіз біреулер бірнеше адамды пышақтап кетті

«Біз түнде Бирмингем орталығында болған оқиғалардан кейін орын алған адам өлтіру бойынша тергеу бастағанымызды растаймыз. Өкінішке қарай, бір ер адам қаза тапқан. Тағы жетеуі жарақаттанды, олардың ішінде бір ер адам мен әйелдің жағдайы ауыр», - деп атап өтті полициядан.

Қалада түнгі сағат 00:30-да болған шабуылға не себеп болғаны әлі нақтыланбай отыр.