Бірнеше адамның өліміне қатысы бар лаңкес полицей қаза болды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Үш адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген бұрынғы полиция қызметкерінің ізіне түскен арнайы жасақ оны Калифорния тауындағы бір лашықтан тауып алды.
None
None

Бұл жайында Los Angeles Times газеті өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.

muslim.kz сайтының жазуынша, өткен аптада белгілі болғандай, 33 жастағы Кристофер Дорнер полиция мен әйелдің және оның таныстарының өліміне қатысы бар күдікті ретінде танылған болатын. 10 ақпан күні билік орындары оның қайда жасырынғанын хабарлаған адамға бір миллион доллар беретінін жария етті.

Полиция мен күдікті аталмыш штаттың оңтүстігінде орналасқан Сан-Бернардино округіндегі Биг-Бэр көлінің маңында сейсенбі күні қақтығысып қалды. Қаладағы үйдің бірін үптеп, қожайынын өлтіріп, машинасын айдап кеткен соң ғана полиция қылмыскердің ізіне түскен еді. Соңына түскен полиция қызметкерлерінен қашқан Дорнер шаңғы курорты орналасқан тауға жасырынып, сондағы бір күркеде бой тасалайды. Атыстан округ шерифінің екі бірдей көмекшісі жараланып, оның біреуі оңала алмай, қаза тапты. Атыс кезінде күрке отқа оранып, күлі ғана қалады. Қылмыскердің жансыз денесі күлі қалған күркенің орнынан табылған.

Күдікті 2005-2008 жылдар аралығында өзі жұмыс істеген Лос-Анджелес полиция департаментіне біреудің жалған сөзіне еріп, өзін қызметтен қуғаны үшін кек алатынын баяндап, хат жолдайды. Хатта, бірнеше полицияның аты-жөнін де атап, оларды тірі қалдырмайтынын жазған екен. Басылым келтірген дерекке қарағанда, қылмыскердің қоқан-лоққысынан кейін сақтық шаралары күшейтіліп, құқыққорғау органдарының 50 қызметкері мен оның отбасыларына күзет қойылған. Қылмыскердің жансыз денесі кімдікі екені анықталмайынша, яғни, Дорнердікі екеніне көз жеткізбейінше, оларға қойылған күзет алынбайтын болды.

Соңғы жаңалықтар