Бірнеше айда «Теңізшевройлды» кеңейту туралы шешім шығады - Қ.Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы бірнеше ай ішінде «Теңізшевройл» мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорынды кеңейту үшін қаржы бөлу туралы шешім шығады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
None
None

«2015 жылы «Теңізшевройл» мұнай өндіру көлемі бойынша рекорд орнатып, 27 158 мың тонна қара алтын шығарды. Бұл өз кезегінде ел бойынша өндірілген мұнайдың көлемін арттырды. Алдағы бірнеше айда кәсіпорынды кеңейту үшін қаржы бөлу жөнінде шешім қабылданады», - деді Қ.Бозымбаев.

Министр мәлім еткендей, «Теңізшевройл»-дың жаңа нысандары болжам бойынша 2022 жылы пайдалануға беріледі.

«Сол арқылы өндірілетін мұнай көлемін 39 млн. тоннаға жеткізіп, нысандардың құрылысы кезінде 24 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік туады. Жоғары білікті мамандардың орны босап жатқандықтан, қазір бұл мәселе Маңғыстау және Атырау облыстарында өзекті болып тұр», - деді Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар