Бірнеше әйел адамды өлтірген өзбекстандық екі қылмыскер қолға түсті

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -Оңтүстік Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан мен Қазақстан аумағындағы қылмыстарға жүйелі талдау жасай отырып,
None
None

жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешені нәтижесінде 26 жастағы Өзбекстан Республикасының екі азаматын құрықтады. Аталған екі қылмыскер екі ел аумағында бірнеше әйелді өлтірген болып отыр.  Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында  ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Н. Ораздың айтуынша, ұсталғандардың өткен жылдың желтоқсаны мен биылғы наурыз айы аралығында облыстың 25-54 жас аралығындағы 4 әйел тұрғынын өлтіруге қатыстылығы жедел түрде дәлелденді. Оның сөзіне қарағанда, қылмыскерлер жүзеге асырған барлық қылмыс бір әдіспен жасалған және буындырылып өлтірілген әйелдер денесі «Алматы-Ташкент» автожолынының жол жиегінде табылған.

«Қылмыскерлер екі жәбірленушіге такси қызметін ұсынып, темір жол вокзалынан күтіп алғаны анықталды. Осылайша, өткен жылдың желтоқсан айында олар Қарағандыдан Шымкентке келген 28 жастағы жәбірленуші әйелге такси қызметін ұсынып, кейін күдік туғызбас үшін жол бойынан үшінші «қызметтестерін» отырғызады. Қылмыскерлер жәбірленушіні буындырып, тонаған, ал денесін жол жиегіне лақтырып кеткен», - дейді ресми өкіл.

 Оның айтуынша, жәбірленушілерден ұрланған бағалы заттарды қылмыскерлер Ташкент қаласының базарында сатқандығы анықталды.

«Сонымен қатар, ұсталған қылмыскерлер Ташкент қаласы мен Ташкент облысының аумағында өткен жылдың қарашасы мен желтоқсан айлары аралығында 7 әйелді өлтірген 44 жастағы Өзбекстан азаматымен байланыста болған деген күдік бар. Бүгінгі таңда қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен үшінші адамды іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралар кешені өтіп жатыр», - дейді Н. Ораз.

Соңғы жаңалықтар