Бірнеше кен орнында мұнай өндіру жұмысы тоқтатылды - ҚазМұнайГаз
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электр қуатын өшіру салдарынан бірнеше кен орнында мұнай өндіру жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазМұнайГаз» ҰҚ акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) энергия блогының ажыратылуына байланысты Маңғыстау және Атырау облыстарындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында мұнай өндіру жұмысы жартылай және толық тоқтатылды.
Ұңғымалардағы жұмыс электр қуаты қосылғанда қайта басталады.