Бірнеше радиостансылардың таратылым түрі өзгерді
АЛМАТЫ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгіннен бастап «Еуропа плюс Қазақстан» радиостансасы Алматыда өз таратылымын 91.7. жиілігінде бастайтын болады, ал «Ретро FM» радиосы республикалық маңызы бар радиостаса болмақ, енді ол Қазақстанның 28 қаласына таралады.
13 қаңтардан бастап барлық «Еуропа плюс Қазақстан» ұлттық жүйесі жиілігінде енді «Ретро FM» радиосы таралатын болады.
Сонымен қатар, Алматы қалалық 107,0 жиілігінде және барлық аймақтық жиіліктерде өзгерістертер болады.
«Еуропа плюс Қазақстан» радиосының интернеттегі таратылымы www.europaplus.kz сайтында осы айда қайта жанданбақ.
«Бүгінде «Еуропа плюс Қазақстан» - отандық радиобизнесте көшбасшы радиолардың біріне айналып, елімізде миллиондаған тыңдармандардың ризалығына ие болды. 13 жыл уақыт ішінде радио жақсы хабарларымен өзінің қабілетін дәлелдеді», -деді «Еуропа плюс Қазақстан» ЖШС Бас директоры Геннадий Ващенков.
«Еуропа плюс Қазақстан» радиосы өзінің таратылымын 1997 жылы 28 сәуірде бастаған болатын. Ал, «Ретро FM» радиосы тұңғыш рет 91.7. жиілігінде 1999 жылы 13 желтоқсанда эфирге шықты.
Ресейде «Еуропа плюс» және «Ретро FM», «Свежее Радио», «Радио 7» и «Радио Кекс» радиостансыларымен қатар, Ресейдің ең ірі «Еуропалық медиа груп» медиа-холдингісіне кірген.