Біртанов қазақстандықтарға Қытайға бармай-ақ қоюға кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирус тараған Қытайға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен біздің азаматтарымызға Қытайға, сондай-ақ коронавирус инфекциясы бар науқастар тіркелген әлемнің 23 еліне бармай-ақ қоюға кеңес беремін. Жалпы, біз осы кезеңде қажетсіз халықаралық сапарларды шектеуді ұсынамыз», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.
Ол Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан барлық шаралар ДДҰ ұсынымдарына толық сәйкес келетінін мәлімдеді.
«Біріншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирус инфекциясының елге еніп, тарауына жол бермес үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Үкімет жанынан ведомствоаралық штаб құрылды», - деді министр.