Біртанов Маңғыстауда МӘМС жүйесінің артықшылықтарын түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыстың медициналық қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, Елбасының халыққа Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша негізгі бағыттарды жүзеге асыру туралы хабарлады.
Министр 125 мың тұрғыны бар Мұнайлы ауданындағы емханаға барды, мұнда 100 мың тұрғын амбулаторлық-емханалық қызметтер алып келеді. Соңғы бес жылда аталған ауданда туу көрсеткіші жоғарғы деңгейде. Мәселен. Өткен жылы 4978 нәресте дүниеге келген. Толыққанды педиатриялық көмек көрсету мен кішкене тұрғындарды қамту мақсатында учаскелерде консультанттар қызметі ұйымдастырылған. Сондай-ақ, емханада алғаш рет нәрестелері бар аналарға баланы дұрыс тамақтандыру, балалар ауруларының алдын алу, шынықтыруға үйрететін ресурстық орталық ашылған.
«Ауданның барлық тұрғындары барлық санат бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне кіруі маңызды. Халыққа сақтандырылған азамат статусын қалай алу керектігі жөнінде дұрыс түсіндіріп, әрбір отбасына аталған ақпараттың жетуін қамтамасыз ету керек», - деді Министрлік басшысы айдандық емхана қызметкерлерімен болған кездесуде.
Әрі қарай сапар барысында министр облыс әкімі Алик Айдарбаевтың халық алдындағы есебіне қатысып, «СофиМед» ірі коммерциялық емханасында жеке медициналық ұйымдардың басшыларымен саладағы жұргізіліп отырған реформалардың негізгі бағыттары туралы пікір алмасты. Содан соң Маңғыстау көпсалалы облыстық ауруханасында медициналық активпен кездесті,
Жеке медициналық бизнес өкілдеріне министр медициналық сақтандыру жүйесінде меншік түріне қарамастан, барлық медициналық ұйымдарға экономикалық тиімді әрі тең жағдай жасалатынын баса айтты.
Ол министрлікте қазіргі таңда бизнестегі кедергілерді жою бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын, сондай-ақ, жеке сектордың ұсынымдары қабылданып, министрліктің тікелей диалог құруға мүдделі екенін атап айтты.
«Біз медициналық қызмет көрсететін жеке қызмет көрсетушілердің үлесі саны жағынан да, қаржы жағынан да артуын күтіп отырмыз. Біз тариф саясатын қарастыруға дайынбыз. Ол сіздердің инвестицияларыңызды ескере отырып, нарық тұрғысынан негізделген болуы тиіс. Сонымен бірге, біз ақпараттық жүйелер арқылы тиімділікті бақылайтын боламыз. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі бәсекелестіктің артуын ескере отырып, бағаның өздігінен реттелетінін ұмытпау керек. Аурухана экономикасы мен қызмет сапасын бақылап отыру үшін орташа баланс болуы қажет», - деді Елжан Біртанов.
Ол жыл соңында Медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісішарттар арқылы халыққа қызмет көрсетудегі жеке емханалардың үлесі анықталып, қазіргі таңдағы кедергілер жойылатындығын айтты.
Өз кезегінде жеке аурухана мен зертхана басшылары министрліктің барша бастамаларына қолдау білдіріп, медициналық техника мен лизинг алу, тарифтерді енгізу мен бірқатар шектеулердің жол бермеу туралы мәселелерді талқылауға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Облыс медициналық активтерімен кездесу барысында ведомство басшысы медициналық сақтандыруды енгізу бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, МӘМС жүйесіндегі негізгі артықшылықтарға тоқталды.
«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетін болады. Бұл жүйеснің тиімділігін халықаралық тәжірибе дәлелдеген. Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына медициналық қызметтердің ауқымды көлемі ұсынылады. Халықтың әлеуметтік тұрғыдақ қорғалмаған санатын мемлекет қолдайтын болады. Үкімет денсаулық сақтау саласын тиісті ақпараттандыру жүйесімен қамтамасыз етуі шарт. Бәсекелестікті арттыру мақсатында медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға теңдей мүмкіндік берілуі тиіс. Үкімет пен әкімдіктерге ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында.
Ақпан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді медициналық қауымдастық арасында, жұмыс берушілер мен тұрғындарға кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының (АТЖ) үшінші кезеңі басталды. АТЖ өткізу мақсатында әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында бүгінгі таңда әкімдер мен олардың орынбасарлары бастаған аймақтық штабтары жұмыс істейді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық штаб құрамына беделді дәрігерлер, қоғамдық қайраткерлер, медициналық ЖОО оқытушылары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері шақырылды. АТЖ-ның алдыңғы екі кезеңінің нәтижесі бойынша 2016 жылдың 6 айында 180 мыңнан астам адам қамтылды.
Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі жарна төлеушілердің барлық санаты бойынша төлем мөлшерлемесін төмендету, жарнасы мемлекет есебінен төленетін азаматтар санатын кеңейту бойынша, сонымен қатар, медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу тетіктері көрсетілген заң жобасын дайындады.