Біртіндеп қалыпты өмірімізге көшуіміз керек - Бас санитарлық дәрігер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек. Осы орайда біз біртіндеп қалыпты әрі жайлы өмірге көшуіміз керек. Дегенмен карантиндік шарларды жеңілдету кезең-кезеңмен іске асырылады, яғни жағдайға қарай болады», - деді А. Есмағамбетова.

Осы орайда ол карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болғанын, медициналық жүйеге жүктемені азайтқанын жеткізді.

«Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезекте адамдардың тығыз әрі ұзақ қарым-қатынасы байқалмайтын нысандар іске қосылуда. Осыны ескере отырып, тиісті қаулыда алгоритмді айқындадық», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Есмағамбетова карантиндік шаралар өзінің нәтижесін бергенін атап өтті.

Соңғы екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдай тіркелген.


Соңғы жаңалықтар