Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталығында 30 мыңнан астам қоңырау қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталығы» үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап «13-00» қысқа номері бойынша жұмыс істейді, деп хабарлады astana.gov.kz «Astana innovations» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталығында 30 мыңнан астам қоңырау қабылданды

Call-орталық операторлары 2014 жылғы 10 ақпаннан 3 қарашаға дейін 30 мыңнан астам қоңырау қабылдаған, жиі қойылатын сұрақтар, көтерілетін мәселелер тізімі жасалды. Соның ішінде кепілдендірілген медициналық көмек көрсету көлемі, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, медициналық қызметтің сапасына қатысты сұрақтар да бар. Call-орталық ілкі жобасы 2013 жылы «Астана Innovations» АҚ атынан елорда әкімдігінің қолдауымен №10 қалалық емхана базасында іске қосылды. Жоба медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын арттыруға, адамдардың өтініш-тілектерімен жұмыс істеу тиімділігін жақсартуға бағытталған. Қала тұрғындары қанатқақты жоба жұмыс істеген кезеңде қажетті ақпаратты 963-777 телефоны бойынша ала алады және өздерінің өтініш-тілектерін қалдырады. «Astana innovations» АҚ хабарлауынша, жаңа номерге ауысуға байланысты азаматтарға қолайлы болуы үшін екі номер бойынша да хабарласуға болады.