Бірыңғай деректер қоймасы ертеңге дейін істемейді - Мемлекеттік кірістер комитеті
Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бірыңғай деректер қоймасы» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті пайдаланушылар! Қазіргі уақытта серверлік жабдықтардың қосалқы бөлшектерін ауыстыру бойынша техникалық жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған байланысты, «Бірыңғай деректер қоймасы» АЖ Астана уақыты бойынша 18 қыркүйек сағат 9:00-ге дейін қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.