Бірыңғай экономикалық кеңістік құру 2015 жылға дейін жалғасады - Сергей Глазьев
ЛМАТЫ. 13 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру үдерісі кезінде 2015 жылға дейін тағы 12 келісімдер топтамасы бойынша 30-ға жуық құжаттар қабылданады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кедендік одақ және ЕурАзЭҚ Бірыңғай экономикалық кеңістігі: ары қарай ықпалдасудың келешегі» деп аталатын VI Халықаралық конференцияда айтылды.
«Жаңадан қабылданатын бұл құжаттар жалпы тауар және капитал нарықтарын реттеуге арналған. Экономикалық ықпалдастықты тереңдетудегі біздің жалпы жұмысымыз енді аймақтағы бизнес қызметін жақсарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталады», - дейді Кедендік одақ комиссиясының Жауапты хатшысы Сергей Глазьев. Еуразия даму банкінің Басқарма мүшесі, Талдамалық жұмыс жөніндегі басқарушы директоры Владимир Ясинскийдің сөзіне қарағанда, Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зерттеу орталығы жыл соңына дейін ЕурАзЭҚ-дағы еңбек миграциясына байланысты өзінің сараптамалық бағасын бермек. Ал ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Даленовтың айтуынша, Қазақстанның кедендік тарифтері Ресей мен Беларус елінен төмен. Бұл көрсеткіш Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылық жағынан қосымша мүмкіндік береді.