Бірыңғай экономикалық кеңістіктің барлық базалық құжаттарына қол қойылды - Ө.Шөкеев

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бірыңғай экономикалық кеңістіктің барлық базалық құжаттарына қол қойылды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев «Жаңа онжылдық:болашақтар мен талаптар» атты тақырыптағы ІV Астаналық Экономикалық форумы барысында айтты.

Оның пайымдауынша, кәсіпкерлікті, инновациялық жүйені қолдау, мемлекеттік, квази-мемлекеттік секторды жаңғырту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, экология тақырыбы сынды мәселелердің барлығы соңғы нәтижеде әрбір мемлекеттің экономикалық дамуына, халықтың басым бөлігінің әл-ауқатына әсер етеді. Қазіргі жаһандық әлемдегі дүниежүзілік нарықта қалыптасып отырған қатерлерге жалғыз қарсы тұру мүмкін емес. Осыған орай көптеген елдер сыртқы нарықтағы ұстанымдарын нығайту үшін күш-жігерлерін біріктіріп, түрлі интеграциялық құрылымдар қалыптастыруда.

Қазақстан да бұндай үдерістен тысқары қалмайтындығын баса айтқан ол: «Өздеріңіз білетіндей, біз интеграциялық үрдістердің белсенді үйлестірушісі болып отырмыз. Қазақстан Президент Н.Назарбаев Еуразиялық ықпалдастық идеясының жігерлендірушісі болып табылады. Соның арқасында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕураАзЭҚ аясында Кеден одағы құрылды», - деді.

Сонымен қатар өткен жылдың шілдесінен бастап осы одақ елдерінің арасында кедендік рәсімдеу алынып тасталғандығын айта келе: «Бірыңғай экономикалық кеңістіктің барлық базалық құжаттарына қол қойылды. Қазір олар үш елдің парламенттерінде ратификациялаудан өтуде. Бұл тауарлардң бірыңғай нарығын қалыптастырады. Оның аясында таритік және тарифтік емес кедергілер жойылып, кәсіпкерлер бріыңғай кеңістік аясында өз тауарларын еркін тасымалдауға қол жеткізеді», - деді Ө.Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар