Бірыңғай кедендік тарифті қалыптастыру кезінде кедендік алымдар мөлшерлемесінің сәйкестігі 40 пайызды құрады - Ернар Бәкенов
; АЛМАТЫ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Импорттық кедендік алымдар деңгейінің өзгерісінен кейін тарифтік мөлшерлеме 6,2-ден 10,6 пайызға дейін көтерілді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Кеден одағының бірыңғай кеден аймағындағы мемлекеттік реттеудің теориялық және тәжірибелік аспектілері" деп аталатын конференцияда айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Тарифтік мөлшерлеме өнеркәсіп тауарларында 4,6-дан 8,5 пайызға, ал ауыл шаруашылығы тауарларында 12,1-ден 16,7 пайызға дейін көтерілді. Бірыңғай кедендік тарифті қалыптастыру кезінде Беларус, Қазақстан және Ресей елдерінде кедендік алымдардың сәйкестігі 40 пайыз шамасында болды. 2007 жылы ол 65 пайызды құраған болатын. Сондықтан кейбіреулердің кедендік алымдар 90 пайызға дейін көтерілді, немесе Ресейдің деңгейіне келтірілді деген бағалауы шындыққа сай келмейді", дейді Экономикалық даму және сауда министрлігінің БКҰ келісімі сауда саясатын дамыту орталығы департаменті директорының орынбасары Ернар Бәкенов. Департаменттегі Қазақстанның ішкі сауда саясатын талдау жөніндегі жұмыс тобы жетекшісінің айтуынша, алымдар ресейлік деңгейге тек 47,7 пайыз тауарлық номенклатурада ғана көтерілді. 45 пайыз тауарларда қазақстандық мөлшерлеме сақталып, тауарлардың 5 пайзында төмендетілді. Ал қалған 2,3 пайыз тауарларда есептеу мөлшерлемесінің тәртібі өзгерді.