Бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті меморгандардың тізбесі бекітілді

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулысымен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесі бекітілді.

Бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті меморгандардың тізбесі бекітілді

* * *

Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 24 желтоқсан № 1660 Астана, Үкімет үйі

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ