Бірыңғай тариф бойынша қызметтерге төлем жасау денсаулық сақтау жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді - Л.Ахметниязова

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бірыңғай тариф бойынша қызметтерге төлем жасау денсаулық сақтау жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
None
None

Бұл пікірді бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалында өткен «Астана қаласында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу туралы» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстел барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Лаура Ахметниязова білдірді.

Оның айтуынша, бұл халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, олардың деңгейін халықаралық стандартқа, сонымен қатар соңғы нәтижеге сәйкес медицина қызметкерлерінің еңбекақыларының өзгеруіне септігін тигізбек.

«Бірыңғай төлем жүйесіне елорданың 18 аурухана және емханалар мен стационарлар жанындағы 25 күндізгі стационар, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Астана тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыс енгізілген», деді ол.

Жоспарлы ауруханаға жатқызу ашықтығын қамтамасыз ету және медициналық ұйымды еркін таңдауда емделушінің құқығын ұйымдастыру үшін 2010 жылы қаңтардың 5-де Астана қалалық Медициналық ақпараттық-талдама орталығының негізінде Емханаға жатқызу бюросы құрылғандығын атап өткен Л.Ахметниязова, «стационарлық көмек көрсету «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің талаптарына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен станционарлық көмектің шекті көлеміне орай жүзеге асырылады», деді.

Соңғы жаңалықтар