Бірыңғай зейнетақы қорында 600 мыңға жуық «иесіз» зейнетақы есепшоттары бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінді таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жалпы жарнасы 1,2 млрд. теңгені құрайтын 600 мыңға жуық «иесіз» зейнетақы есепшоттары бар. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында аталған қордың басшысы Руслан Ерденаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, бұл есепшоттардың барлығы да ескерілген әрі оларға инвестициялық кірістер аударылып тұрады. «Бұл қаржылар «өлі жүк» болып жатқан жоқ. Аталған 1,2 млрд. теңгеге осы жылдары ішінде 3,8 млрд. теңге инвестициялық кіріс аударылды»,- деді осы ретте сөзге араласқан ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Р.Ерденаевтың сөзіне қарағанда, бұған дейін «иесіз» қалған мұндай есепшоттардың саны миллионға жетіп жығылған. Бүгінде ай сайын 1,5 мыңға жуық қателік кеткен есепшоттар түзетіліп, яғни иелері табылып отырады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар бір орталықтан жүргізілетін болады.

«Мұндай шоттардың пайда болуының басты себебі адамдар шетелге кеткеннен кейін бұл есепшоттарды естен шығарады не болмаса адам қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері іздемейді», - деді қор басшысы.

Соңғы жаңалықтар