Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қоры салымшылардың міндетін еске салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жыл аяқталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша зейнетақы жинақтары туралы жыл сайын ақпарат беруге қатысты міндетін орындайтын кез келді, деп хабарлады «БЖЗҚ» баспасөз қызметінен.
None
None

«Қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сәйкес, салымшылар (алушылар) белгіленген тәртіп бойынша қорға ақпарат беруге қатысты міндеттемелерді орындап, өзгерістер туралы БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті», делінген хабарламада.

Қордың хабарлауынша, төменде көрсетілген өзгерістер туралы салымшы ақпарат беруге міндетті: - егер ақпарат алудың «электрондық пошта бойынша (e-mail)» әдісін таңдаған болса, электрондық адрестің өзгеруі туралы; - егер зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың «пошта бойынша» әдісі таңдалған болса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекен жайдың өзгеруі туралы ақпарат беру қажет.

Егер салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзінің қоныс аударғандығы туралы хабарламаған болса, оған пошта арқылы жолданған үзінді көшірме қорға қайтып оралады. Мұндай жағдайда, зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді көшірме жолдамауға құқылы.

Мекен жайдың өзгергендігі туралы салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін міндетті түрде қоса ұсына отырып хабарлауы керек. Электронды адресінің өзгергендігі туралы ақпаратты салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келгенде ғана хабарлай алады.

Соңғы жаңалықтар