Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енгізілгенде қолданыстағы зейнетақы қорларының желісі өңірлерде сақталады - Г. Марченко

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енгізілгенде қолданыстағы зейнетақы қорларының желісі өңірлерде сақталып қалады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын таныстыру рәсімінде ҚР Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
None
None

Төрағаның айтуынша, Бірыңғай қорды енгізу барысында қазіргі зейнетақы қорларының филиал желілері сақталады. «Өйткені, ондаған мың өтініштерді салымшылар өздерінің зейнетақы қорларына жолдайтыны белгілі, ендеше онымен де біреу айналысуы керек. Сол үшін қажеттіліктің бәрін жасаймыз, алайда ондағы қызметкерлердің бәрі бірдей жұмысында қала алмайды», деді Г.Марченко.

Сонымен қатар, аталған заң жобасына арналған баспасөз мәслихаты барысында ҰБ төрағасы егер Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына жас мамандар келсе, оларды нарықта бар дүниелерге пайдаланатынын атап өтті. «Нарықтық экономиканың заңдылығы сол - біз бәсекелестік ортада өмір сүрудеміз. Сондықтан егер білікті, қабілетті маман болса, оларды тартуға тиіспіз. Бұл жалпы маған да қатысты, мен де өз орныма жастардың келгенін қатты күтіп жүрмін және ондайлар болса шын ықыласыммен Ұлттық банк тізгінін беруге дайынмын», - деді Г. Марченко.

Соңғы жаңалықтар