Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың 4 трлн. теңгесін жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өткізілген зейнетақы активтері 4 трлн. теңгеге жуықтады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың 4 трлн. теңгесін жинады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Бұдан бұрын бұл қаржы мемемлекеттік құнды қағаздарға, «Самұрық-Қазына» қорының бағалы қағаздарына, сондай-ақ түрлі валюталық тетіктер мен акцияларға, жеке сектордың облигацияларына орналастырылған еді.

«Біз қазіргі кезде осы активтер мен міндеттемелерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру бойынша жұмысты аяқтадық»,-деді Қ. Келімбетов.

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының шешімімен құрылған зейнетақы активтерін басқару бойынша кеңесте бұл қаржыны бұдан ары қарай орналастыру мәселесі талқыланбақ.