Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бекітілді
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулы етуімен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бекітілді. ҚазАқпарат аталған құжаттың мәтінін жариялайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 18 қыркүйек №984 Астана, Үкімет Үйі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-бөлімін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов
Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.